Испаниядағы Қазақстан азаматтарына елшілік өкілдері ескерту жасады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның Испаниядағы елшілігінің өкілдері, осы елде жүрген Қазақстан азаматтарына ескерту жасады деп хабарлайды ҚазАқпарат елшіліктің мәліметтеріне сүйене отырып.

«Испанияда коронавирустың тарап, жағдайдың нашарлауына байланысты Қазақстан Республикасының Мадридтегі Елшілігінің Консулдық бөлімі және Барселонадағы консулдығы Испанияда орналасқан Қазақстан азаматтарымен үнемі байланыста.


Испанияда ауру жұқтырғандардың саны 5700 адамнан асты. Вирустың таралуының басты бағыты 3 мыңнан астам адам тіркелген Мадридтің автономды қоғамдастығы екенін ескеру қажет.


Түрік және Ресей авиакомпанияларының Қазақстан азаматтарына рейстерінің күшін жоюды ескере отырып, басқа қала немесе жақын елдер арқылы балама ықтимал маршруттар іздеу ұсынылады (егер мүмкін болса, жұқтыру қаупі жоғары болғандықтан Мадридтен тыс рейстермен қайту дұрыс болады)»,-делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар