+7 (701) 759 90 19
USD 437.20 EUR 475.32
RUB 5.79 CNY 61.94
Jańalyqtar

Испаниядағы дауылдан төрт адам мерт болды

2020 жылғы 21 қаңтар 10:54
Бөлісіңіз:
Испаниядағы дауылдан төрт адам мерт болды

БАРСЕЛОНА. ҚазАқпарат – Испанияда Глория дауылы құйынды желдің тұруына, мол қар жауып, ауа температурасының төмендеуіне алып келді. Салдарынан соңғы екі күнде төрт адам мерт болды. 30-дан астам провинцияда ескерту жарияланды. Дүйсенбі күні дауылдың негізгі соққысы Жерорта теңізі жағалауындағы Валенсия және Балеар аралдарына тиді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Дүйсенбі күні Валенсиядағы толқындар 8,44 метр биіктікке дейін көтерілді. Порт билігінің айтуынша, бұл – рекордтық көрсеткіш.

Қала мэрі Педро-Бернардо Дэвид Сеговия Авила орталық провинциясында 63 жастағы ер адам өз үйінде қаза тапқанын жеткізді. Оны құйынды желден көкке ұшқан шатыр жабындысы жарақаттаған. Валенсияға жақын жердегі Гандияда 54 жастағы үйсіз әйел суық ауа райынан мерт болды. Астурияның солтүстік-батыс бөлігінде қар құрсауында қалған жолда автокөлік адамды соғып кетіп, ол оқиға орнында мерт болған. Төртінші құрбан болған адам дүйсенбі күні таңертең өз үйінің маңында табылды. Ол суықтан қаза тапты деген болжам бар.

Каталония аймақтық үкіметі Жирон, Барселона және Каталонияның орталық аудандарында ашық аспан астында іс-шара өткізуге тыйым салды. Билік өкілдерінің мәліметі бойынша, тәртіпті бұзғандарға айыппұл салынады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Әлем,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT