Испанияда ұшақ апатынан үш адам қаза тапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше кешкісін Испанияның Таррагона провинциясында болған ұшақ апатынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат EFE агенттігіне сілтеме жасап.

Португалиядан әуеге көтерілген шағын ұшақ Таррагонаның Реус әуежайына қонуы тиіс болған. Алайда әуежайға 70 шақырым қалғанда, Фликс муниципалитетіне құлаған. Соның салдарынан ұшақ бортындағы үш адам қаза тапқан.

Апат себептері әзірге белгісіз. Оқыс оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар