Испанияда ұшақ апатқа ұшырады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Дүйсенбі күні Мурсия автономдық қоғамдастығында испаниялық әуе академиясының кішігірім ұшағы құлап түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Cadena SER радиостансасына сілтеме жасап.

Стансаның мәліметтеріне сәйкес, апат Ла-Манга елді мекенінің аумағында болған. Әуе кемесі Жерорта теңізіне құлаған. Апаттың себептері әзірге белгісіз.

Ұшқыштар катапульталанды. Дәл қазіргі уақытта олар іздестірілу үстінде.

Соңғы жаңалықтар