Испанияда университет қалашығында оқ атқан ер адам ұсталды

None
None
МАДРИД. ҚазАқпарат - Белгісіз ер адам сәрсенбі күні кешке Испанияның Лежона қаласындағы Баск елі университетінің кампусында бей-берекет оқ атқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат El Pais газетіне сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, ұсталған адам жаратылыстану факультеті ғимаратының қасбетіне оқ атқан. Ол қолға түсті. Абырой болғанда, оқыс оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.


Соңғы жаңалықтар