+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Испанияда тоқтаусыз жауған қардың салдарынан елдегі көлік жүйесі толық тоқтады

2021 жылғы 10 қаңтар 02:52
Бөлісіңіз:
Испанияда тоқтаусыз жауған қардың салдарынан елдегі көлік жүйесі толық тоқтады

МАДРИД. ҚазАқпарат - Испаниядағы тоқтаусыз жауған қалың қардың салдарынан үш адам қаза тапты, елдегі көлік жүйесі толық тоқтап қалды. Әуе және теміржол қатынасы жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Алдағы үш күннің ауа райы: Еліміздің батысы мен солтүстігінде аяз түседі 25 қазан. Қазгидрометтің күн райына жасаған болжамы 24 қазан. Қазгидрометтің күн райына жасаған болжамы

Испания астанасына жақын маңдағы жолдарда қар құрсауында қалған көліктерді шығару үшін төтенше жағдайларға қарасты әскери бөлімшелер тартылды.

Қар әлі толастамағандықтан Мадридтің Барахас әуежайы барлық рейсті тоқтатты. Көптеген жолаушы әуежайда түнеуге мәжбүр болды.

Көлік басқармасының мәлімдеуінше, қалың қар елдегі негізгі 400 жолдағы көлік қозғалысына кедергі келтірген.

Биліктің үйден шықпау керектігі жөніндегі үндеуіне қарамастан Мадрид тұрғындары табиғаттың сирек құбылысын тамашалау үшін көшеде жүр. Өйткені қалада мұндай қалың қар соңғы рет 1971 жылы жауған.

Мадрид пен оған жақын кенттердегі мектеп және университеттер алдағы дүйсенбі және сейсенбі жұмыс істемейтін болды.

Испаниядағы 50 провинцияның 36-сы қарға байланысты төтенше жағдай жариялады. Каталония мен Кастилия-Ла-Манчада ауыр жүк көліктерінің жүрісі шектелді. Сондай-ақ елдегі бірқатар өңірде электр қуаты өшіп қалған.


Фото/REUTERS -GETTY IMAGES


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Жәнібек Амангелді

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT