Испанияда орман өртінен 1500 адам эвакуацияланды

None
Фото: dw.com
ВАЛЕНСИЯ. ҚазАқпарат - Арагон және Валенсия испандық автономды қауымдастықтарындағы бірнеше қаладан 1500-ге жуық адам ірі орман өрті аясында үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Бұл туралы ҚазАқпарат DW-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Сенбі, 25 наурыздағы жағдай бойынша өрт сөндіруге 700-ге жуық өрт сөндіруші қатысты. Жергілікті төтенше жағдай қызметінің мәліметі бойынша, жалын 23 наурыздан бастап шамамен 4м000 гектарды қамтыды, бұл шамамен 5 500 футбол алаңына сәйкес келеді.

Өрт ошағы Валенсияның әкімшілік орталығынан шамамен 90 шақырым қашықтықта орналасқан.

«Өрт сөндіруге 20 авиация техникасын тартқанымызға қарамастан, әлі тұрақтандыра алмадық және өрттің жайылуына күн райының қолайсыздығы ықпал етіп отыр», - деді автономды қоғамдастық басшысы Хоакин Пуиг.

Өрттің шығу себебі белгісіз.


Соңғы жаңалықтар