Испанияда найзағай түсіп, 40 үй өртеніп кетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Испанияның Каталония қаласында найзағай түсіп, көлік тұрағындағы 40 автотіркеме отқа оранды. Төтенше жағдай Вентальо муиципалитетінде (Жирона провинциясы) болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат elperiodico.com сайтына сілтеме жасап.

Жалын 1,5 мың метр аумақты шарпыған. Тілсіз жауды ауыздықтауға алты арнайы өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.

Жақында Каталонияның бірқатар аудандарында нөсер жаңбыр жауып, найзағай түскен еді. Салдарынан көшелерді су басып, көлік қозғалысына кедергі келтірді.


Соңғы жаңалықтар