USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Испанияда мемлекеттік қызметкер алты жыл жұмысқа келмеген

2016 жылғы 12 ақпан 19:37
Бөлісіңіз:
Испанияда мемлекеттік қызметкер алты жыл жұмысқа келмеген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Испандық мемлекеттік қызметкерге жұмысқа кем дегенде алты жыл бармағаны үшін 30 мың АҚШ доллары көлемінде айыппұл салынған, деп жазады Би-би-си.

Хоакин Гарсияның жұмыста жоқтығы оның 20 жылдық қызметі үшін сыйақы беру кезінде ғана байқалған.

Елдің оңтүстік-шығысындағы Кадис қаласында жергілікті биліктің қарауында болған сумен жабдықтау компаниясы Гарсияға жылына 30 мыңнан астам доллар төлеген.

Сотта компанияның бастығы өзінің кеңсесінің Гарсияның кабинетіне қарама-қарсы орналасқандығымен, оны бірнеше жыл көрмегені белгілі болды.

Сумен жабдықтау бойынша компания оның жұмысын жергілікті билік бақылап отыр деп санаса, өз кезегінде билік мемлекеттік қызметкердің жұмысын компания бақылап отыр деп есептеген.

Гарсияның өзі тағылған айыптарды жоққа шығарып, жұмысқа күн сайын келгенін, бірақ онда істейтін жұмыс болмағанын айтып отыр, деп жазады Independent. Сондықтан ол негізінен Спинозаның философиясын оқуға уақытын жұмсаған.

Ақыры, сот билікке жақтасып, Гарсияға оның бір жылдық жалақысымен құны тең айыппұл салды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Туғанбаева

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT