+7 (701) 759 90 19
USD 429.59 EUR 507.3
RUB 5.62 CNY 64.1
Jańalyqtar

Испанияда маска тағудан бас тартқан режиссер халықаралық фестивальдан қуылды

2020 жылғы 25 қыркүйек 09:34
Бөлісіңіз:
Испанияда маска тағудан бас тартқан режиссер халықаралық фестивальдан қуылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Испаниядағы Сан-Себастьян қаласында өтіп жатқан халықаралық фестивальда франциялық режиссер, сценарийші және актер Эжен Грин медициналық маска тағудан бас тартқаны үшін аккредитациядан айырылып, байқаудан шығарылды. Бұл туралы ҚазАқпарат EFE агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Дубайда әлемдегі ең үлкен субұрқақ ашылды Бельгия СІМ басшысы қарқынды терапия бөліміне жатқызылды Қытайда жер сілкініп, мектеп оқушылары эвакуацияланды

Ұйымдастырушылардың айтуынша, фильмін көрсету кезінде режиссердің маска тағу бес рет сұралды, бірақ Грин бас тартқан. Ақыры франциялық режиссер залдан қуылды. Басылым мәліметінше, жергілікті құқық қорғау органдары актерді оған шағым түсірілетіні жайында ескерткен.

28 тамызда Париж билігі қала тұрғындарын көшеде жүргенде маска тағуды міндеттеген болатын. Ал 26 тамызда мұндай шешімді Марсель билігі де қабылдады. Көшеде немесе дүкенде маскасыз жүргендерге 135 еуро көлемінде айыппұл салынады. Ережелер қайта бұзылса, айыппұл сомасы 1,5 мың еуроға дейін көбеюі мүмкін.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Туғанбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT