Испанияда көшкіннің кесірінен пойыз рельстен шығып кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Барселонаға жақын маңда пойыз рельстен шығып кетті. Бір адам қайтыс болып, 40-тан астам адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews.com агенттігіне сілтеме жасап. 

Бұл туралы Каталонияның азаматтық қорғаныс басқармасы мәлім етті. Ведомствоның ақпаратынша, пойызда 130-дан астам жолаушы болған. Олардың арасында 41 адам жеңіл жарақат алды.

Пойыз жергілікті уақытпен таңғы сағат 06:16 кезінде каталондық Вакариссес муниципалитетінде рельстен шығып кетті. Салдарынан Тарраса қаласы мен Манреса елдімекені арасындағы қозғалыс тоқтатылды. Оқиға орнына өрт сөндірушілер, жедел жәрдем және құқық қорғау органдарының қызметкерлері келіп жетті. Пойыздағы жолаушылардың барлығы қауіпсіз жерге шығарылды.

Алдын ала болжам бойынша, жол апатына лай көшкіні себеп болған. Соның алдында Каталонияда бірнеше күн қатарынан нөсер жауын тоқтамай жауған болатын.  

Соңғы жаңалықтар