Испанияда Қазақстан Тәуелсіздігі мен ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекеленді

None
None
МАДРИД. ҚазАқпарат - Мадрид қаласындағы «Villa Magna» қонақүйінде Қазақстанның Тәуелсіздік күні мен ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған ресми қабылдау кеші өтті.

«Біз үшін бұл ерекше шара, өйткені бұл елшілігіміз үшін мерейтойлық жыл. Тура 15 жыл бұрын, яғни 1999 жылы мұнда Қазақстан Елшілігі, оның ішінде Испанияның Қазақстандағы Елшілігі ашылды. Біз қарым-қатынастарымыздың 15 жылында қол жеткізілген ілгерілеушіліктерге баса назар аударғымыз келеді», - дейді Қазақстанның Испания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Бақыт Дүйсенбаев.

Кеште танымал қазақстандық скрипкашы, халықаралық байқаулардың лауреаты Ержан Құлыбаев Меңдіғалиевтің «Домбыра туралы аңыз» композициясын орындады. Бұдан басқа, шарада Қазақстан туралы көрме, қазақтың дәстүрлі тағамдары ұсынылды. Шараға Испанияның танымал қайраткерлері қатысты, соның ішінде Испания Парламенті Сенатының вице-спикері Хуан Хосе Лукас Хименез, депутаттар, министрліктердің өкілдері, сол елдің «Тальго», «Интра», «Максам» сияқты ірі компанияларының басшылары, сондай-ақ испандық БАҚ өкілдері мен мәдениет қайраткерлері болды.

Соңғы жаңалықтар