Испанияда химиялық кластерде өрт шықты

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Сейсенбі күні кешкісін Испанияның Таррагона қаласында химиялық кластерде ірі жарылыс болып, өрт шықты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі Euronews-ке сілтеме жасап.

Оқиға салдарынан кем дегенде бір адам қаза тауып, бесеуі ауыр жарақат алды.

Жарылыстың даусы 50 шақырым жерге дейін естілген. Әлеуметтік желіде жарияланған кадрларда өрт бірнеше шақырым қашықтықтан көрініп тұр.

Таррагона – Испанияның солтүстік-шығысында орналасқан Каталония автономдық қоғамдастығындағы порттық қала. Мұнда 800 мың адам тұрады. 2015 жылдан бастап мұнда 1200 гектар аумақты алып жатқан өнеркәсіп кластері жұмыс істеп келеді.


Авторы Тимур Дүйсекеев

Соңғы жаңалықтар