Испанияда екі пойыз соқтығысып, 85 адам зардап шекті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Испанияда жүк және жолаушылар пойызы соқтығысып, салдарынан машинист мерт болды, 85 адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Independent-ке сілтеме жасап.

Апат кешкі уақытта Барселонадан 15 шақырымдай жерде орналасқан Каталонияда болған. Калий тиеген жүк пойызы Испанияның солтүстік-шығысындағы Сан-Бой-де-Льобрегат стансасына кірген кезде рельстен шығып кеткен. Содан кейін вокзалдан шыққан жолаушылар пойызының алдыңғы жағына соқтығысқан.

Испания билігінің хабарлауынша, төтенше жағдайлар бригадасы жолаушылар пойызынан 100-ге жуық адамды эвакуациялауға көмектескен. Машинист көз жұмды, екеуі ауыр жарақат алды, қалғандары жеңіл жарақат алған.


Соңғы жаңалықтар