Испанияда арнайы операция кезінде 32 тонна марихуана тәркіленген

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Испанияның азаматтық гвардиясы рекордтық көлемдегі есірткі – 32 тонна марихуана тәркіленгенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат euronews-ке сілтеме жасап.

Испанияның азаматтық гвардиясы 27 қазан күні Толедо, Сьюдад-Реаль, Валенсия мен Астурияда «Бақшалар» арнайы операциясын («Operacion Jardines») өткізген. Іс-шара барысында 20 адам ұсталады, оның 9-ы ер адам болса, қалған 11-і – әйел.

Тәркіленген есірткі өңделудің түрлі деңгейінде болған. Оның ішінде Испания, Нидерланд, Германия мен Бельгияда саудалау үшін қаптамаларға оралған партиялары да тәркіленген.


Соңғы жаңалықтар