Испанияда 105 жастағы кейуана коронавирустан айықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Коронавирус жұқтырған 105 жастағы Испания тұрғыны Эвариста Рубио дертінен айықты. Жұма күні АВС газеті хабарлағандай, ол кеше Мерида қаласындағы ауруханадан емделіп шықты.

Басылымның мәліметінше, кейуана ауруханаға осыдан үш күн бұрын дене қызуы көтеріліп және тыныс алуы қиындап келген.

Испанияда алғаш рет коронавирус 31 қаңтарда тіркелді. Ауру жұқтырғандар саны Италияда індет тарағаннан кейін бірден өскен. Наурыз айының ортасынан бері корольдікте коронавирустың таралуына байланысты жоғары дайындық режимі жұмыс істеп келеді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, Испанияда инфекция тарағаннан бастап 188 мың адам ауру жұқтырған. Қайтыс болғандар саны 19478.

Соңғы жаңалықтар