+7 (701) 759 90 19
USD 413.12 EUR 452.86
RUB 5.82 CNY 57.92
Jańalyqtar

Испания шілдеден бастап туристерді қабылдауға әзір

2020 жылғы 24 мамыр 10:39
Бөлісіңіз:
Испания шілдеден бастап туристерді қабылдауға әзір

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Испания премьер-министрі Педро Санчес сенбі күні айында елдің туристер қабылдауға дайын екенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат The Local онлайн басылымына сілтеме жасап.

«Шілде айынан бастап шетелдік туристердің қауіпсіз жағдайда Испанияға келуі бұрынғы қалыпқа келтіріледі», - деп жариялады Санчес баспассөз мәслихатында.

Испания жыл сайын 80 миллионнан астам туристі қабылдайды, ал туризм – ел экономикасының ең маңызды саласы.

«Шетелдік туристер демалысын біздің елімізде өткізуді жоспарлай алады», - деп атап өтті министрлер кабинетінің басшысы.

«Испания туризмге мұқтаж, ал туризм саласында елге келу-кету бағдарында қауіпсіздік қажет. Біз туристер төніп тұрған қауіптің жоқ екеніне кепілдік береміз», - деп атап өтті Педро Санчес.

Бұған дейін Испания үкіметі жаңа коронавирустың таралуына жол бермеу үшін елге 15 мамырдан бастап келетін адамдардың барлығына екі аптаға карантинге жатқызуды қолға алатынын хабарланған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Еуропа, Туризм, Әлем,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT