Испания шенеуніктері теміржол дауына байланысты жұмыстан босатылды

None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Испанияда көлік саласындағы ең жоғары лауазымды екі шенеунік отставкаға кетті. Бұл жергілікті теміржол туннельдері үшін тым үлкен болып шыққан жаңа пойыздарға мемлекеттік тапсырыс төңірегіндегі жанжалға байланысты болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.

Көлік министрі Исабель Пардо мен «Ренфе» мемлекеттік теміржол компаниясының басшысы Исаиас Табоас билік тарапынан немқұрайлылық деңгейіне қатысты қоғам наразылығынан кейін отставкаға кетуге шешім қабылдады.

2020 жылы Испания үкіметі солтүстік аймақтардағы Кантабрия мен Астуриястағы ескірген пойыз паркін жаңарту туралы шешім қабылдады. Ол үшін испандық CAF өндірушісімен заманауи қалааралық пойыздар мен тар табанды пойыздарды салуға шамамен 260 миллион еуроға келісімшартқа отырды.

31 жаңа пойыз 2024 жылдың басында қолданысқа берілуі тиіс еді, бірақ осы жылдың қаңтарында тапсырыс берілген пойыздар Испанияның солтүстігіндегі тау туннельдері үшін тым жалпақ екені белгілі болды.

Испания үкіметі бұл қателік өндірістің ерте сатысында байқалғанын және бұл қаржылық шығындарға әкелмегенін айтады. Алайда, өндірістің кешеуілдеуіне әкелді және жоспарланған 2024 жылдың орнына енді жаңа пойыздар 2026 жылға қарай қолданысқа беріледі.

Фото: EUROPA PRESS NEWS


Соңғы жаңалықтар