Испания портында кеме аударылды

None
МАДРИД. ҚазАқпарат – Испанияның Кастельон қаласының (Валенсияның автономды қоғамы) портында жұма күні кешке жүк кемесі аударылды. Бұл туралы айлақтың Twitter-дегі хабарламасында мәлім етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бортында тоғыз экипаж мүшесі бар Nazmuye Ana кемесі Кастельон портында контейнерлерді тиеу кезінде аударылған», - делінген хабарламада. Салдарынан үш азамат зардап шекті, олардың екеуі – Испания азаматтары. Одан бөлек, із-түзсіз жоғалған екі адам іздестірілуде.

Кеменің аударылу себебі анықталуда.

EFE агенттігінің дерегінше, кеме панамалық тумен жүрген.


Соңғы жаңалықтар