Исландияның бұрынғы президенті ХХІ ғасырдағы энергетикалық сын-қатерлерді атады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада өтіп жатқан XII Kazenergy Еуразиялық форумында Исландияның бұрынғы президенті Оулавюр Рагнар Гримссон ХХІ ғасырдың негізгі энергетикалық сын-қатерлерді атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз ХХІ ғасырдың негізгі энергетикалық сын-қатерлермен бетпе-бет келуіміз қажет. Бұлар өте айқын екі фактімен байқалады. Біріншісі – адамзат тарихында біз алғаш рет жер жаһан тұрғындарының жарысынан көбі қалада өмір сүретін уақытта тірлішік етіп жатырмыз. Шамамен 20 жылдың ішінде әлем тұрғындарының үштен екісі Азия, Африка және Американың мегаполис қалаларында тұратын болады», - деді ол.

Мәртебелі мейман екінші факті ретінде әлемде өндірілетін энергияның 40-50 пайызы қалаларды жылыту мен салқындатуға, ал 20 пайызы көлік түрлеріне жұмсалатынын айтты. Сондықтан әлем халқының үштен екісі өмір сүретін қалаларды жылыту әрі салқындату мәселесі 21 ғасырдағы энергия тұтынуға қатысты ең үлкен сын-қатер болмақ.

«Өкінішке қарай энергетика саласындағы қазіргі талқылаулар мен пікірталастар аясында осынау негізгі сын-қатер күнтәртібіне шығарылмай отыр. Егер бұған барынша жауапкершілікпен қарап, жаһандық қоршаған ортаны сақтап қалу үшін бұл міндетті тиімді шешімдер табатын болсақ, жетістікке жетер едік. Әйтпесе, өсіп келе жатқан буын үлкен проблемаға душар болады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да соңғы жылда 7 млн адамның әлемдегі шығарындылар салдарынан қалалардың ластануы себепті өлгендігін атап өткен еді. Бұл да аталған сын-қатерді жедел шешу қажеттігін айқын көрсетеді», - деді Исландияның бұрынғы президенті.

Соңғы жаңалықтар