Исландияда Окйекудль мұздығы еріп кетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Исландияда Окйекудль мұздығымен қоштасу шарасы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC агенттігіне сілтеме жасап.

Мұздық 700 жылдан соң жер бетінен жойылып кетті. Алып мұздық 2014 жылы еріп барады деп саналған, қазір жанартаудың басында аз ғана мұз қалдығы қалды.

Қоштасу рәсіміне Исландияның үкімет басшысы мен Қоршаған ортаны қорғау министрі келді.

Үкімет басшысы Катрин Якобсдоуттир сөз сөйлеген соң, жиналғандар жанартаудың үстіне шығып ескерткіш тақта орнатты. Онда болашақ ұрпаққа үндеу жазылған.

«Алдағы 200 жылда біздің барлық мұздықтарымыз жойылады. Бұл ескерткіш біздің не болып жатқанын білетінімізді және оны тоқтату үшін не істеуіміз керектігін көрсетеді. Сендер (болашақ ұрпақ) біз соны жасадық па жоқ па білетін боласыңдар», делінген тақтада.

Соңғы жаңалықтар