08:19, 22 Қазан 2020 | GMT +6
Исландия премьер-министрімен сұхбат кезінде жер сілкінді
РЕЙКЬЯВИК. ҚазАқпарат – Исландия премьер-министрі Катрин Якобсдоуттир Washington Post тікелей эфирінде сұхбат беру кезінде, қуаты 5,5 балл жер сілкінісі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.
Дегенмен ол сұхбатты үзбей, өзіне қойылған сұрақтарға жауап беруді одан әрі жалғастыра берді.
Жер сілкінісі Крисювик маңында болған. Ол – ел астанасы Рейкьявиктің оңтүстігіне қарай орналасқан геотермальды облыс. Крисювик балшық гейзерлерімен және белсенді жанартауларымен танымал.
Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.