Исламофобиямен ғылымның көмегімен күресу қажет - ИЫҰ Бас хатшысы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Исламофобиямен ғылымның көмегімен күресу қажет. Бұл туралы бүгін  елорда төрінде өтіп жатқан Ислам ынтымақтастық ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммитінде ИЫҰ Бас хатшысы Юсеф бен Ахмад әл-Осеймин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ағымдағы жағдай мұсылман әлемі алдына сын-қатерлер төндіруде. Қазіргі уақытта біз шынайы қауіптің алдында тұрмыз. Себебі терроризм, экстремизм, исламофобия өршіп келеді.  Бұған қоса,  біздің елдерімізде жұмыссыздық, сауатсыздық пен кедейшілік сынды проблемалар да бар. Біз бұлармен күресуіміз қажет әрі бұл күресте ғылым мен технологияларды қолдануға тиіспіз. Біз қоғамымызға сәйкесінше білім беруіміз керек», - деді ол.

Оның айтуынша, ИЫҰ тамаша жетістіктерге қол жеткізген жас ғалымдарға арналған  медицина, инженерия және ақпараттық технологиялар саласындағы кешенді бағдарлама әзірлеумен айналысып жатыр.

Еске сала кетейік, бұл саммитті өткізу бастамасын 2016 жылы Ыстанбұлда ИЫҰ Саммиті барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев көтерген болатын. Биылғы шара «Ислам әлеміндегі ғылым, технология, инновация және жаңғыру» тақырыбына арналып отыр. Мемлекет және үкімет басшылары осы кездесу барысында алғаш рет ғылыми-техникалық мәселелерді талқылауда.

Соңғы жаңалықтар