Исламиадада суға жүзуден 2 қазақстандық жүлде алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Түркияның Конья қаласында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында қазақстандық жүзу шеберлері Даниэла Дю мен Ксения Игнатова қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Даниэла 100 метр қашықтыққа еркін жүзуде 00.58.80 нәтижесімен мәрені үшінші болып қиды.

Сондай-ақ, 200 метр қашықтықта 02.15.76 нәтижесімен Ксения қола жүлдегер атанды.

Еске салсақ, бұдан бұрын ел құрамасынан Әділбек Мусин 100 метр қашықтыққа баттерфляй әдісімен жүзуде үздік нәтижеге қол жеткізді. Көрсеткіші – 53,20 секунд.

Ал, София Әбубәкірова 50 метр қашықтыққа баттерфляй әдісімен жүзуде 27,17 секунд көрсеткішімен мәреге қарсыластарынан озық жетті.


Соңғы жаңалықтар