Исламиадада көркем гимнастика шеберлері қола жүлде алды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық көркем гимнастика шеберлері Түркияның Конья қаласында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында қола жүлде алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарыс барысында Эльжана Таниева мен Айбота Ертайқызы командалық көпсайыста үздік үштіктен көрінді.

Дәл осындай жетістікке көпсайыстан ел құрамасы топтық көрсеткіште қол жеткізді.

Ислам ынтымақтастығы ойындары 2005 жылдан бері тұрақты өткізіліп келеді. Биыл бесінші мәрте жалауын желбіретті.

Биылғы додада 55 елден спортшылар келді. Ойындар 8 тамызда басталды. Ол 18 тамызда мәресіне жетеді.

Еске салсақ, бұдан бұрын Исламиадада қазақстандық ауыр атлет Алексей Чуркин күміс медаль алды.

Сондай- ақ, қазақстандық таеквондошы Бауыржан Хасенов Ислам ынтымақтастық ойындарының қола жүлдегері атанды.



Фото: instagram.com





Соңғы жаңалықтар