Исламиадада қазақстандықтар медальдар саны жөнінен төртінші орында тұр
2022 жылғы 13 тамыз 10:23

Исламиадада қазақстандықтар медальдар саны жөнінен төртінші орында тұр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Түркияның Конья қаласында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында жалпы командалық есепте қазақстандық спортшылар төртінші орында келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық спортшылар қазірге дейін 36 медаль еншілеп үлгерді. Олардың 12-і алтын, 5-і күміс, 19-ы қола.

Өткен тәулікте ауыр атлет Зульфия Чиншанло (59 келі), әйелдер күресінен Елена Шалыгина (65 келі) чемпион тұғырына көтерілді.

Ал таеквандодан 87 келіде Бауыржан Хасенов, грек-рим күресінен 55 келіде Аманғали Бекболатов қола жүлдеге қол жеткізді.

Сондай-ақ, спорттық гимнастикадан ел құрамасы аталған додада 3 күміс, 1 қола алды.

Жалпы командалық есепте Түркия 114 (41 алтын, 41 күміс, 32 қола), Иран 54 (22 алтын, 18 күміс, 16 қола), Өзбекстан 53 (18 алтын, 14 күміс, 21 қола) медальмен алғашқы үштікте келеді.

Ислам ынтымақтастығы ойындары 2005 жылдан бері тұрақты өткізіліп келеді. Биыл бесінші мәрте жалауын желбіретті.

Биылғы додада 55 елден спортшылар келді. Ойындар 8 тамызда басталды. Ол 18 тамызда мәресіне жетеді.



Фото: olympic.kz





Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT