Исламиадада қазақстандық суға жүзушілер екі қола алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Түркияның Конья қаласында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында жүзуден қазақстандық шеберлер тағы екі медаль алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Ел құрамасынан Аделаида Пчелинцева 100 метр қашықтыққа брасс әдісімен жүзуде мәреге үшінші болып жетті. Көрсеткіші - 1.11.08 секунд.

Аталған қашықтықта ол жарыс барысында бірінші болып келе жатқан еді. Соңғы сәттерде сыр беріп, алғашқы екі орынға түркиялық суға жүзушілер ие болды.

Еске салсақ, Аделаида Пчелинцева 50 метрге брасс тәсілімен жүзуде алтын медаль жеңіп алған болатын.

16 тамызда суға жүзу спортынан қазақстандық Ксения Игнатова да қола медаль иеленді. К. Игнатова бұған дейін 200 метр қашықтықта 02.15.76 нәтижесімен қола жүлдегер атанған еді.

Сондай-ақ Әділбек Мусин 100 метр қашықтыққа баттерфляй әдісімен жүзуде үздік нәтижеге қол жеткізгенін жаздық.

Ал София Әбубәкірова 50 метр қашықтыққа баттерфляй әдісімен жүзуде 27,17 секунд көрсеткішімен озық болды.

Даниэла Дю 100 метр қашықтыққа еркін жүзуде 00.58.80 нәтижесімен мәрені үшінші болып қиды.


Фото: instagram.com/drs_kz




Соңғы жаңалықтар