Исламиадада бүгін қазақстандықтар спорттың 3 түрінен ойын көрсетеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Түркияның Конья қаласында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында қазақстандықтар спорттың 3 түрінен ойын көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін қазақстандықтар спорттық гимнастика, кикбоксинг, каратэ-до спортынан сынға түседі.

Спорттық гимнастикадан жекелей сында Аяжан Шамшитдинова мен Аида Бауыржанова ел намысын қорғайды.

Ал кикбоксингте Батырхан Қуандықов (63,5 келі), Нұрдәулет Қалшора (57 келі), Шара Хамзина (60 келі), Берік Ысқақов (60 келі) тайталасқа түседі.

Сондай-ақ, каратэ-до спортынан Әсел Қанай (61 келі), Бейбарыс Жаңбыр (84 келі), Гузалия Гафурова (68 келі), София Безрульцева (68 келіден жоғары) жарысқа қатысады.

Медальдар кестесінде Қазақстан құрамасы бесінші орында келеді. Еншісінде 80 (24 алтын, 22 күміс, 34 қола) медаль бар. Алғашқы үштікте Түркия - 303 (127-97-79), Өзбекстан -112 (46-38-48), Иран -110 (38-41-48) медальмен келеді. Ал төртінші орындағы Әзербайжанның еншісінде 85 (26-30-34) медаль бар.

Ислам ынтымақтастығы ойындары 2005 жылдан бері тұрақты өткізіліп келеді. Биыл бесінші мәрте жалауын желбіретті.

Биылғы додаға 55 елден спортшылар келді. Ойындар 8 тамызда басталған, 18 тамызда аяқталады.

Еске салсақ, 17 тамызда суға жүзуші Әділбек Мусин рекорд жаңартты .

Сондай-ақ, кикбоксингтен ел қоржынына үш алтын түсті .


Фото: olympic.kz





Соңғы жаңалықтар