Исламиада ойындары: Жүзуден Қазақстан шеберлері 3 медаль алды
2022 жылғы 17 тамыз 17:18

Исламиада ойындары: Жүзуден Қазақстан шеберлері 3 медаль алды

КОНЬЯ. ҚазАқпарат – Жүзуден Қазақстан спортшылары Түркияда өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында тағы үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Еркін әдіспен 4 х 100 метр эстафетасында әйелдер командасы үшінші болып мәреге жетті.

Ал 100 метр қашықтыққа брасс әдісімен жүзуден Аделаида Пчелницева қола жүлдегер атанды.

Ксения Игнатова да 50 метрге шалқалай жүзуден жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.

Еске салайық, кеше қазақстандық суға жүзушілер Ислам ынтымақтастығы ойындарында екі қола медаль алған болатын.


Фото: olympic.kz




Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT