Исламхан қазанда Премьер-Лиганың үздік футболшысы атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматылық «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан қазанда Премьер-Лиганың үздік футболшысы атанды, деп жазды Sports.kz.

Қырық сегізінші сауалнамаға Премьер-Лига клубтарының барлық бас бапкерлері мен «Ақтөбенің» бас бапкері Юрия Уткульбаевты қоспағанда, 12 футболшы қатысты.   «Атыраудың» болгариялық бапкері Стойчо Младеновті оның ассистенті Қуаныш Қабдолов ауыстырды.

Әр респондент олар үшін Қазақстан чемпионатына қатысушылар ішінен үздік футболшылардың үшеуін атады. Бірінші орын үшін футболшы үш ұпай, екінші орын - екі, үшінші орын - бір ұпай берілді. Сауалнамада барлығы 39 футболшының  (өткен айда 34) аты  аталды.

Қазан айында 23 жастағы жартылай қорғаушы, «Қайраттың» капитаны Бауыржан Исламхан үздік атанды. Қазандағы төрт матчта Исламхан екі гол соғып, екі рет голға доп шығарды. Исламхан алтыншы рет Қазақстанда айдың үздік ойыншысы деп танылуда.

Екінші орында 35 жастағы «Қайраттың» ресейлік шабуылдаушысы Андрей Аршавин. Ол 14 ұпай жинады.

Үшінші орынды «Қайраттың» тағы екі ойыншысы Ғафуржан Сүйімбаев пен Исламбек Қуат бөлісті. Олар 7 ұпайдан жинады.

Соңғы жаңалықтар