Jańalyqtar
Исламхан Қазақстанның сәуірдегі үздік футболшысы атанды
2017 жылғы 6 мамыр 03:11
Бөлісіңіз:

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қайрат» командасының капитаны Бауыржан Исламхан Sports.kz порталы тағайындаған «Алмаз» сыйлығының лауреаты атанды. Аталмыш сыйлық осы айдың қорытындысы бойынша берілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
Қазақстандық бас бапкерлер мен Премьер-Лига футболшылары арасындағы сауалнама бойынша, ел вице-чемпиондардың 24 жасар шабуылдаушы жартылай қорғаушысы 26 ұпай жинап, қарсыластарынан айтарлықтай зор айырмашалықпен алдыға шықты.
Екінші ең көп дауысты «Ертіс» ойыншысы Аслан Дарабаев алды. Үздік үштікті «Қайрат» командасының тағы бір өкілі, 13 ұпай жинаған Исаэль тұйықтады. Алматылық клубта өнер көрсететін бразилиялық футболшы өзінің «қоласына» сәуір айының ең үздік легионері атағын қосып алды.
Пікір қалдыру
Сондай-ақ... оқыңыз
- Жамбылда аузымен сурет салып, кесте тоқитын ерекше қыз тұрады
- ҚХЛ: Никита Михайлистің үш голы «Барысқа» жеңіс әперді
- Аустралия ашық чемпионатына келген 47 теннисші карантинде жатыр
- «Канелоның» қулығы әшкереленіп, одан Головкинмен жекпе-жек өткізу талап етілді
-
Альпинистер алғаш рет қыста Жердің ең биік екінші шыңын бағындырды
-
Мейрамбек Бесбаев коронавируспен жансақтау бөліміне түсті
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам
ONLAIN QYZMETKERLER