Исламабадта 25 ақпараттық агенттіктің басшылары БАҚ-тағы жаңа сын-қатерлерді талқылады

None
None
ИСЛАМАБАД. ҚазАқпарат - Исламабадта The Associated Press of Pakistan Corporation (APP) пәкістандық жетекші ақпарат агенттігі ұйымдастырған халықаралық ақпарат агенттіктерінің конференциясы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  

Конференцияға 25 халықаралық ақпараттық агенттіктің басшылары қатысты.

Жиынның басты тақырыбы - бүгінгі ақпарат кеңістігіндегі жаңа сын-қатерлер. Конференцияны APP бас директоры Масуд Малик ашты. 

Ол ақпарат кеңістігіндегі басты сын-қатерлер ретінде әлеуметтік желілердің дамуына байланысты жалған (фейк) жаңалықтардың таралуы екендігін атап өтіп, фактчекингпен жіті жұмыс істеу керектігіне тоқталды.

Конференцияда Пәкістанның ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі генерал-лейтенант Насер Хан Джанджуа сөз сөйледі. Ол баяндамасында БАҚ-тың лаңкестікпен күресте маңыздылығын атап өтіп, Пәкістанның терроризмге қарсы күресіне қатысты қызметіндегі үрдістер жайын айтып берді. Сонымен бірге, конференцияда Пәкістан Ислам Республикасының Ақпарат және тарату министрі Мариюм Аурангзеб пәкістандық БАҚ-тың дамуы және олардың ерекшеліктер мен халықаралық ынтымақтастықтары туралы әңігімелеп берді.

Конференция шеңберінде цифрландыру және желілік даму мәселелеріне арналған бірнеше сессия өтті.

Жиынға «ҚазАқпарат» ХАА бас директоры Асқар Умаров қатысуда. Ол «ҚазАқпарат» агенттігі туралы, «Цифрлық Қазақстан» және «Рухани жаңғыру» бағдарламалары жөнінде айтып өтті.

Соңғы жаңалықтар