Ислам ынтымақтастығы ойындарында жеңіл атлет Михаил Ливтин алтын медаль алды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Түркияның Конья қаласында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында жеңіл атлет Михаил Ливтин алтын медаль алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ол 400 метрлік қашықтықта жүгіруден сайысқа түсті. Нәтижесінде 45,36 секундтық көрсеткішпен мәре сызығын бірінші болып қиды.

М. Литвин іріктеу кезеңінде 44,94 секундтық көрсеткішпен Қазақстан рекордын жағартқан еді.

Ислам ынтымақтастығы ойындары 2005 жылдан бері тұрақты өткізіліп келеді. Биыл бесінші мәрте жалауын желбіретті.

Биылғы додада 55 елден спортшылар келді. Ойындар 8 тамызда басталды. Ол 18 тамызда мәресіне жетеді.

Қазірге дейін қазақстандық спортшылар 15 медальмен (6 алтын, 1 күміс, 8 қола) жалпыкомандалық есепте үшінші орында тұр.

Көш басында 54 (22-18-14) медальмен Түркия құрамасы келе жатса, екінші орында 29 медальмен (9 алтын, 13 күміс, 7 қола) Иран спортшылар тұр.

Еске салсақ, бұдан бұрын индор хоккейден Азия кубогында қазақстандық екі құрама да жеңіске жетті.



Фото: sport.kz






Соңғы жаңалықтар