Ислам ынтымақтастығы ойындарында спорттық гимнастикадан қазақстандықтар төрт жүлде алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Түркияда өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында спорттық гимнастикадан қазақстандықтар төрт медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық спортшылар командалық жарыста үздік үштіктен көрінді.

Сондай-ақ, жекелей сында үш күміс жүлде қоржынға түсті. Атап айтқанда, Милад Карими керме, Нариман Курбанов гимнастикалық ат, Дмитрий Патанин еркін жаттығудан жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Ислам ынтымақтастығы ойындары 2005 жылдан бері тұрақты өткізіліп келеді. Биыл бесінші мәрте жалауын желбіретті.

Биылғы додаға 55 елден спортшылар келді. Ойындар 8 тамызда басталды. Ол 18 тамызда мәресіне жетеді.

Еске салсақ, бүгін Ислам ынтымақтастығы ойындарында Арли Чонтей чемпион атанды.

Сондай-ақ, қазақстандық таеквондошы Жансель Дениз Ислам ынтымақтастығы ойындарының қола жүлдегері атанды.


Фото: olympic.kz


Соңғы жаңалықтар