Ислам ойындары: Қазақстандық 5 боксшы медаль үшін таласады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бакуде IV Ислам ынтымақтастық ойындары жалғасуда. Қазақстандық жеті боксшының тек бесеуі жарыс жолын жалғастыруда.

1/8 кездесуде Нұрлан Сапарбай (+91) әзербайжандық Махаммадрасул Маджидовке, ал Нұрбол Қалжанов (56) өзбек боксшысына есе жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасап.

14 мамыр күні өткен жекпе-жектерде Сұлтанбек Зәуірбек (60) Улугбек Дусмурадовты (Өзбекстан) 5:0 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Сұлтанбек келесі айқасын 17 мамыр күні өткізеді. Илья Очкин (69) Абделкабир Белассекті (Марокко) 3:2 есебімен жеңіп, ширек финалға шықты. Онда ол пәкістандық Аршад Хуссаинмен кездеседі.

Бұған дейін ¼ финалға Азат Махметов (52), Тұрсынбай Құлахмет (75) және Қуан Қуатов (64) өткен болатын.

Азат Махметов 16 мамыр күні пәкістандық Суед Мухамадд Асифпен қолғап түйістіреді. Тұрсынбай Құлахмет 16 мамырда өзбек боксшысы Махмуд Гаиповпен жекпе-жек өткізеді және осы күні Қуан Қуатов жартылай финалға өту үшін түркімен спортшысы Зуфар Сапарбаевпен айқасады.

Еске сала кетейік,  12-22 мамыр аралығында Әзербайжан астанасы Бакуде IV Ислам ынтымақтастық ойындары өтуде. Ойындарға 54 елден шамамен 3500 спортшы қатысуда. Қазақстан атынан бес бағыт бойынша 32 спортшы қатысуда.

Ойындар әлемнің 58 елінде тікелей эфирден  көрсетілуде. 

Соңғы жаңалықтар