Ислам азық-түлік қауіпсіздік ұйымы жылды қорытындылады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ислам азық-түлік қауіпсіздік ұйымы (IOFS) жылдық жұмысының қорытындысын жариялап, ұйым аясындағы Африка жылының аяқталуына орай форум өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Форумға Қатар, Сауд Арабиясы, Пәкістан, Швейцария, Біріккен Араб Әмірліктері және өзге де елдердің өкілдері қатысты.

Жиынға қатысушылар IOFS-тің ислам әлемі елдеріндегі азық-түлік қауіпсіздігі бағдарламаларын үйлестіретін негізгі платформаға айнала бастағанын атап өтті.

Форум қонақтары құрылғанына көп болмаған ұйымның әлеуеті зор екенін, әлемде азық-түлік дағдарысы өсіп келе жатқандықтан жаһандық сын-қатерлерді шешуге уақтылы жауап беретін мұндай ұйымның қажеттігі артатынын сөз етті.

«Үш жыл ішінде біздің ұйым 16 бағдарламаны жолға қойып, іске асырып жатыр. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы, биотехнология, генетикалық ресурстар, резерв астық қоры саласында 50-ге жуық өзара түсіністік жөнінде меморандум жасады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясында өңірдегі сияқты азық-түлік қауіпсіздігіне қол жеткізу үшін IOFS арқылы халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық орнатудың маңызды екенін айтқан еді. Біз ұйымның мақсаттарын одан әрі іске асыру және азық-түлік қауіпсіздігі идеясын ілгерілету үшін бүкіл күш-жігерімізді саламыз»,-деді жиында IOFS бас директоры Ерлан Байдәулет.



Соңғы жаңалықтар