Іскерлік белсенділік индексі өсті - Ұлттық банк

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Ұлттық банктің ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Жандос Шаймарданов қазан айындағы іскерлік белсенділік индексі туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Іскерлік белсенділік индексі қазан айында біршама өсіп, 48,8-ге дейін тағы 1,2 тармаққа жақсара түсті.

«Іскерлік белсенділіктің ең көп өсуі өнеркәсіп саласында байқалды.Мұнда индекс қыркүйектегі 47,8-ден 49,6-ға дейін өсті. Қызмет көрсету саласында индекс 48,6-ға дейін 1,3 тармаққа көтерілді. Құрылыста көрсеткіш жаңа тапсырыстар санының төмендеуіне байланысты 47,6-ға дейін – 1,5 тармаққа төмендеді. Өткен айда өңірлер арасында Алматы, Павлодар және Маңғыстау облыстарында іскерлік белсенділік индексінің айтарлықтай жақсарғаны байқалды. Өзгелерге қарағанда Шымкентте индекс едәуір төмендеді»,– дейді Жандос Шаймарданов.

Қазанда бизнес ахуалының индексі қыркүйектегі оң аймаққа өткеннен кейін қайтадан құлдырап, 0,0 болды (осы жылғы қыркүйеқте – (2,0). Респонденттер биылғы қарашада болашақ бизнес ахуалдың қазандағы 4,5-тен 2,3 дейін нашарлай түсетінін болжап отыр.

«Іскерлік белсенділік индексі кәсіпорындардың қазіргі көрсеткіштері мен олардың болашақтағы өзгерістері бойынша негізделіп, сол жайындағы пікірлерге сай қалыптасады. Қазанда сауаланамаға 451 кәсіпорын қатысты: қызмет көрсету саласында – 217, өнеркәсіп саласында – 170, құрылыс саласында – 64»,– деп қортындылады Ұлттық банк өкілі.

Соңғы жаңалықтар