Ішкі нарықтағы шикізатқа бағаларды белгілеуге бақылау енгізіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ішкі нарықтағы шикізатқа бағаларды белгілеуге бақылау енгізіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Отандық өнеркәсіп үшін шикізат тауарларының бағасы мен көлемінің қолжетімділігі бойынша ең алдымен өнеркәсіптік саясат туралы заң жобасына ішкі нарықтағы шикізатқа бағаларды белгілеуге бақылау енгізіледі. Екіншіден, Лондон металдар биржасы бағасынан дисконт ұсыну қағидатымен ел ішінде биржалық металдарға баға белгілеу механизмі қолға алынады. Ол шикізатты қайта өңдеу деңгейіне байланысты болады. Яғни, қорытпалар немесе прокат өндіргенде ең төменгі жеңілдік беріледі. Ал дайын бұйымдар өндірілгенде ең жоғары жеңілдік енгізіледі», - деді министр.

Оның атап өтуінше, үшіншіден, қайта өңдеушілер мен жаңадан іске қосылатын кәсіпорындардың қуаттарына қарай ішкі қайта өңдеуге металдар көлемін резервтеу енгізіледі.

«Министрлік жыл соңына дейін осы маңызды міндеттің оңтайлы шешімінің нұсқасын әзірлейді»,- деді Бейбіт Атамқұлов.


Соңғы жаңалықтар