Ішкі нарықта әуе отыны тапшылығы болады деп ойламаймыз – ҚазМұнайГаз

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ әуе отынының тапшылығы орын алуы мүмкін деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, бұған дейін «Эйр Астана» компаниясы әуе отыны тапшылығы болуы мүмкін екенін ескертіп, дабыл қаққан болатын.

Осыған байланысты «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ ресми мәлімдеме жасады.

«Эйр Астана» алаңдаушылығы бұған дейін Энергетика министрлігінің еліміздегі ішкі нарықтағы ахуалды есепке ала отырып, дизель отыны өндірісін арттыру мақсатында әуе отынын өндіру көлемін өзгертуді қарастыруына негізделген болар. Қазіргі уақытта ҚМГ жоспары әуе отыны өндірісін жеткілікті деңгейде қамтамасыз етуге негізделген. Әуе отынының жиналған қоры мен тұтыну көлемін ескерсек, бұл ішкі нарықтың сұранысын толығымен өтейді» деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Сондықтан ҚазМұнайГаз Қазақстанда әуе отыны тапшылығы болады деп күтпейтінін мәлім етті.


Соңғы жаңалықтар