Ішкі нарық елімізде өндірілген мұнай өнімдерімен толық қамтамасыз етілген - министр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ішкі нарық елімізде өндірілген мұнай өнімдерімен толық қамтамасыз етілген. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ауыл Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биылғы жылдың қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша 11,5 млн тонна мұнай өңделді. Бұл көрсеткіш қаңтар-қыркүйек айлары жоспарының 98,1 пайызын құрайды. Оның ішінде автобензин бойынша көрсеткіш 3,24 млн тоннаға жетті. Яғни биылғы 9 ай жоспары 101,4 пайыз орындалды. Өндірілген дизель отынының көлемі 3,41 млн тонна болды. Бұл есепті ай жоспарының 99,1 пайызын құрап отыр. Ал әуе отыны бойынша көрсеткіш 308 мың тоннаға тең. бұл биылғы 9 ай жоспарының 82,1 пайыз құрайды», - деді Нұрлан Ноғаев.

Оның айтуынша, 1,45 млн тонна мазут өндірілді, өсім - 100,9 пайыз. Битум өндірісі 2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша 813 мың тоннаға жетті. Яғни есепті ай жоспарының 104,7 пайызын құрап отыр.

Бүгінгі таңда ішкі нарық өз елімізде өндірілген мұнай өнімдерімен толық қамтамасыз етілген.

«Мұнай-газ-химия өнімдеріне тоқталатын болсақ, оның көлемі 275,2 мың тоннаға жетті. Бұл биылғы 9 ай жоспарынан асып, 115,4 құрады», - деді ол.

Министр дерегінше, 9 айда 77,3 млрд кВт/сағат электр энергиясы, 15 049 тонна көлемінде уран өндірілді.


Соңғы жаңалықтар