Ішкі Моңғол өлкесіндегі «Мұз қатпайтын өзен» - Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу

None
None
 АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА назарларыңызға әдеттегідей шетелдегі қазақ тілінде тарайтын ақпарат көздеріне апталық шолуын ұсынады.

Құран тағы төрт тілге аударылды - TRT 
null 

Осы аптада Түркия телерадио компаниясы порталының мәліметіне сүйенсек, Құран Кәрім өзбек, болгар және Африканың  жергілікті екі  тіліне аударылған екен.

Осылайша Дін істері басқармасының «Ешбір тіл Құрансыз қалмасын» деген ұранмен басталған жобасы шеңберінде тағы төрт тілде Құранның түсініктемесі жазылған.

Аталған ақпарат көзінің айтуы бойынша, Құран Кәрімде жазылғандардың адам баласына дұрыс жеткізілуін мақсат еткен ТР Дін істері басқармасы Шет тіл және диалектілерде діни басылымдар департаменті түрлі елдерден келген сұраныстарға орай, Құранның түсініктемесін басып шығармақ жоспарлары бар көрінеді. TRT-дегі жазбаға назар аударсақ,болгар тіліндегі Құран Болгария мүфтиаты және Дін істері басқармасы өкілдігі ынтымақтастығымен таратылмақ. Ал өзбекстандық ғалым жазған Құран Кәрім түсініктемесі Өзбекстанда және басқа елдерде өмір сүретін өзбектерге арналған. «Африкадан келген сұраныс бойынша Африканың Чева және Шона тілдерінде де басылған Құран кітап Зимбабве және Малавиде таратылады. Парсы тіліндегі Құран болса келесі жылы басылады» деп жазды Түркия радио теледидар агенттігінің ақпараттық порталы.

 

Орталық алаңға мұз қаланың керегі бар ма? -  Kaznews.mn
null 

 Моңғолия аймағындағы «Орталық алаңға мұз қаланың керегі бар ма?» тақырыбы әлеуметтік желіде кеңінен  талқыланып жатыр, деп жазады Kaznews.mn порталы. Ал пікір білдірушілер түрлі пікірлерін ортаға салуда. Ақпараттық портал алдағы уақытта «мұз қала керек немесе керек емес» деп ойлайтын азаматтардың инфографикасын толықтай ұсынатынын айтады. Сондай-ақ, қазірге дейінгі осыған байланысты жүргізілген  сауалнаманың қорытындысын жариялаған. Ал пікір білдірушілердің тең жартысы мұз қала керек емес десе, отыз пайызға жуығы керек, ал қалған 20 пайызы «білмеймін» деген жауапты ұстанған.

null 

«Баян өлгий аймақтық Денсаулық басқармасының маманы Е.Сауленің пікірінше, өткен жылы мұз қалашықта қауіпсіздік шарасы сақталмағандықтан, мертіккен 3 баланың біреуі ауыр жарақат алған. Сондықтан биыл қалашық салынатын болса, қауіпсіздік шарасына назар аудару керек», деп түйіндейді аталған портал.

Халықаралық Қорқыт Ата атындағы конкурста қазақстандық жазушы 1 орын алды - TRT 
null 

Түркі әлемінің ең беделді сыйлықтарының бірі ретінде қабылданған және биыл екінші рет ұйымдастырылған Халықаралық Қорқыт Ата атындағы көркем шығармашылық конкурсында жүлдегерлерге сыйлықтары табыс етілді.  Қазақстандық жазушы Ахметжан Ашыридің «Шарбақ» атты шығармасы бірінші орын алды, деп хабарлады Түркия радио теледидар агенттігінің ресми сайты. «Мәдениет және туризм министрлігі авторлық құқық жөніндегі бас басқарманың жазбаша мәлімдемесіне қарағанда, конкурс бас басқарманың қолдауымен Еуразия Жазушылар одағы тарапынан өткізілді», деп жазды TRT.

Қазақстандықтар үшін бұндай жағымды жаңалықты хабарлаған түркиялық ақпарат көзі қазақстандық жазушы Ахметжан Ашыридің «Шарбақ» атты шығармасы «Үздік көркем шығарма» аталымы бойынша бірінші орын алғанын айтады. Ашыриге сыйлығын Әділет және даму партиясының депутаты Наби Авжы табыс еткен. Ал екінші орын «Тұғрыл бидің түсі» атты шығармасымен Түркиядан Лүтфи Шехсуароғлуна бұйырса, үшінші орынды «Арасты асып түседі» атты спектаклімен әзірбайжандық Первин Нұралиева иеленді.

 

Ішкі Моңғол өлкесіндегі таудағы «Мұз қатпайтын өзен» - «Тяньшаньнет»
null 

Қытайдығы белді қазақ тілді ақпарат көздерінің бірі kazak.ts.cn осы аптада дәл осындай тақырыппен қызықты ақпарат жариялады. Бұл «Мұз қатпайтын өзен» қазақтар мекендейтін өңірден шалғай жатқан Ішкі Моңғол автономиялы өлкесі Аршант қаласының маңындағы Қарақа өзенінің бір саласы. Осы өзеннің төңірегінде жер жылуы (жер шарының ішкі қабатындағы жылу) бар болғандықтан, оның бетіне қақаған қыста да мұз қатпайды.
null 
null 

Әдетте сол жердегі қоршаған ортаның температурасы нөлден төмен 40°C-қа түскенде де бұл өзен жылыстап ағып жатады. Сондай-ақ, мұнда өсімдіктер өсіп су бетіне шығып, айнала тұманға оранады және екі жағалауға көз тартарлықтай мөлдір мұзды моншақтармен ғажап көрініс пайда болады.

Аталған ақпараттық портал өзенннің 21 желтоқсан күнгі көрінісін қоса жариялаған.
null 

 

«Негізінде біз тек дос емес,  құдай бауырлас қып жаратқан елдерміз» - TRT

Осы аптада Түркиядағы Гиресун Университеті Қазақстан Тәуелсіздігінің 26 жылдығына орай шара ұйымдастырды. Бұл туралы Түркия Радио Теледидар мекемесінің ресми порталы хабарлаған болатын.

Университет жанындағы Халықаралық мәдениет және өнер қауымдастығының ұйымдастыруымен болған шараға Қазақстанның Түркиядағы Өкілетті және Төтенше Елшісі Абзал Сапарбекұлы қатысқан.
null 

Қазақстан Елшісі Тәуелсіздік күнінің әрі қазақтар,  әрі түріктер үшін өте маңызды екенін айтты. Елші Абзал Сапарбекұлы осыдан 26 жыл бұрын Қазақстан Тәуелсіздігін жариялаған соң, екі сағаттан кейін сол кездегі Түркия президенті марқұм Тургут Өзалдың Нұрсұлтан Назарбаевқа телефон шалып, Түркияның Қазақстанның Тәуелсіздігін танығанын айтқанын ризалықпен еске алған екен.

Қазақстан Елшісі осынау ұлық мерекемізді қуанышпен бөліскен түрік халқына және шараны ұйымдастырған Гиресун Университетіне алғысын білдірген.

null 

«Түркия - түркі әлемі және осы территориядағы ең маңызды ел,  бәлкім түркі әлемінің тірегі. Түркия мықты болса,  түркі әлемі де мықты болады.  Негізінде біз тек дос емес,  құдай  бауырлас  қып жаратқан елдерміз» деген Абзал Сапарбекұлы пікірін келтіреді түркиялық қазақ тілді портал.

Гиресун қаласының әкімі Харун Сарыфакуоғлу болса, «бауырлас, дос ел Қазақстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтап, біздің де осы территорияда тарих,  дін,  мәдениет, наным бірлігіміз бар. Біз бірлік болған сайын одан әрі нығая түсетін нағыз бауырлас елміз»,-  деген ойын айтқан.

«Гиресун Университетінің ректоры профессор Джевдет Джошкун «Ердоғанның сөзімен айтқанда, «Түрік әлемінің ақсақалы, данышпан Нұрсұлтан Назарбаевтың көшбасшылығымен Қазақстанның Азияның жарқыраған жұлдызына айналғанын» айтты. Университетте өткен осы шарада баяндамалардан кейін түрік және қазақ билері биленіп, әндері шырқалды», деп түйіндеген TRT. 

Соңғы жаңалықтар