Ішкі істер органдарының мыңға жуық қызметкері марапатталды

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Ішкі істер министрлігінде Конституция күніне арналған салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған ведомство баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, шараға министрлік басшылығы, ардагерлер мен жеке құрам қатысты.

«Азаматтық бейбіт өмір мен келісім қашанда тәуелсіз еліміздің стратегиялық басымдықтары болып қала береді. Барлығымыз да еліміздің болашағы үшін және Конституциямыз арқылы белгіленген мемлекет өмірінің негізгі қағидаларының сақталуына жауаптымыз. Қазақстан полициясының қызметкерлері, Ұлттық ұлан әскери қызметшілері алдағы уақытта да құқықтық тәртіпті сақтау, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауда өздерінің қызметтік және әскери міндеттерін адал орындай беретініне сенім білдіремін», - деді ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов. 

Салтанатты шара барысында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай республика бойынша ішкі істер органдарының 912 қызметкері өз міндеттерін адал атқарғаны үшін ведомстволық наградалармен марапатталды.

Іс-шара соңында ІІМ Мәдени орталығы көркемөнерпаздары, ҚР Ұлттық ұлан ансамблі және Астана қаласы ІІД мен Мамандандырылған күзет басқармасының вокальдық тобының қатысуымен концерт болды.

null  

Соңғы жаңалықтар