Ішкі істер органдарында бірқатар тағайындау болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздің ішкі істер органдарында бірқатар кадрлық тағайындау болды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен аптаның соңында Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың бұйрығымен Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа аудандық полиция басқармасының бастығы болып Дулат Жұмағұлов тағайындалды. Ол бұрын осы басқармада бастықтың орынбасары болып қызмет атқарған болатын», - деді министрлік баспасөз қызметінің өкілі.

Сондай-ақ оның дерегінше, министрдің бұйрығымен Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары болып Оралбек Омаров, Қостанай облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары қызметіне Бауыржан Әбенов бекітілді.

«Ал Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы қызметіне Нариман Акбаров тағайындалды», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар