Ішкі істер органдары жыл басынан бері 740-қа тарта құқық бұзушылықтар туралы арыздар қарады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ішкі істер органдары жыл басынан 740-қа тарта құқық бұзушылықтар туралы арыздар қарады. Бұл туралы бүгін Мәжілісте өтіп жатқан Үкімет сағатында Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлім етті.
«Ағымдағы жыл басынан бері ішкі істер органдары тарапынан 740-қа тарта құқық бұзушылық туралы арыздар мен шағымдар қарады. Оның ішінде 136 мыңға жуығы - сотқа дейiнгi тергеуді қамтыған қылмыстық құқық бұзушылықтар. Екi жыл қатарынан елдiң бүкiл құқық қорғау жүйесi қылмыстық сот өндiрiсiнiң жаңа үлгісі бойынша жұмыс iстеп келедi. Жаңа қылмыстық-процессуалдық кодеске сәйкес, бізде тергеуге дейінгі тексерулер жоқ. Егер бұған дейін қылмыс ресми түрде тергеуге дейінгі тексерісте және қылмыстық іс қозғалғаннан кейін ғана тіркелсе, қазір арыздар мен шағымдар сотқа дейінгі тергеудің бірегей тізіміне қылмыс ретінде бірден тіркеледі. Ал тіркеудің өзі сотқа дейінгі тергеудің басталғанын білдіреді», - деп түсіндірді министр.
Оның айтуынша, заңнамадағы бұл жаңа норма көптеген қызметтер жұмысының ауқымын арттырып, әсіресе тергеу қызметтерінде қауырт жұмыстар көбейген. Осыған байланысты штаттық және материалдық-техникалық нығайту шаралары қолға алынған.
«Былтырғы жылдың қорытындыларына келсек, қылмыстық істер бойынша бір тергеушіге түсетін ауыртпашылық 136 қылмыстық іске жетті, ал негізгі норма бойынша бұл 41 қылмыстық істен аспауы керек еді. Сондықтан да, біздің тергеу қызметінің жұмысында үлкен қиыншылықтар орын алып отыр. Оларға әлі де штаттық және материалдық-техникалық қамтаамсыз ету шараларын нығайту керек», - деді Қ. Қасымов.
- Алматыда жалдамалы пәтерден цифрлық техника мен әскери амуниция табылды
- Алматы Полиция департаментінің ғимаратына шабуыл алдын ала жоспарланған – шұғыл штаб
- Ақтөбеде кәсіпкерлерден 19 өтініш түсті
- Атырауда аңшы пышағымен және тапаншамен жүргендер ұсталды
-
Президент ҚР ІІМ және ҚР ҰҚК-нің қаза тапқан қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттады
-
Жаппай тәртіпсіздік: Жамбыл облысында 84 адам әкімшілік қамауға алынды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам





