Ішкі істер министрлігінде бірқатар тағайындау болды

None
None
және НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ішкі істер министрлігінің департамент басшылары тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ІІМ сілтеме жасап.

«Министрлікте полиция қызметтерінің басшы лауазымдарына үміткерлердің кандидатурасы қаралды. Бұл – Iшкі істер министрлігінің кадрлық тағайындауының жаңа форматы. Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов және оның орынбасарлары, сондай-ақ мүдделі қызмет басшылары кандидаттардың кәсібилігі мен жеке қасиеттерін талқылады», - делінген хабарламада.

Кандидатураларды қарау және әңгімелесу нәтижелері бойынша ішкі істер министрінің бұйрығымен:

– ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы лауазымына Айдос Рысбаев;

– ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы лауазымына Хаджи-Ғали Имажанов;

– ІІМ Кадр саясаты департаменті бастығының орынбасары лауазымына Шыңғыс Алекешев; – ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары лауазымына Дамир Тайжанов;

– Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымына Рүстем Тұңғышбаев тағайындалды.
Соңғы жаңалықтар