Ішкі істер министрлігі жанындағы қоғамдық кеңестің құрамы жаңадан қалыптасады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қоғамдық кеңестер туралы» ҚР заңына сәйкес Ішкі істер министрлігі жанынан ішкі істер органдары қызметінің мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің жаңа құрамын қалыптастыру бойынша жұмыс тобы құрылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осыған байланысты коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардың ұсыныстары негізінде ІІМ жұмыс тобының мүшелерін азаматтық қоғамнан сайлау туралы конкурс жарияланады.

Жұмыс тобының құрамы 9 мүшеден тұрады: коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардан – 6 адам және ІІМ-нен – 3 адам.

Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшесі қоғамдық кеңес мүшелігіне сайлау үшін конкурсқа жіберілмейді (АҚДМ-нің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген қоғамдық кеңес туралы үлгілік ереженің 9-тармағы).

Сонымен қатар, байқаушылар тізімін қалыптастыру бойынша да жұмыстар жүргізілуде.

Жұмыс тобына және байқаушылар құрамына ұсынылған кандидатура жайлы мәліметті хабарландыру жарияланғаннан кейін 5 күн мерзімде мына мекенжайға: индекс 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 1, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі немесе [email protected] электронды поштасына жіберу қажет (Байланыс телефондары 8 7172 72 26 69, 8 7172 72 20 25).

Өтініш үлгілері ІІМ ресми сайтында жарияланған.


Соңғы жаңалықтар