Ішкі істер министрлігі қылмыс жиі болатын өңірлерді атады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде қылмыс жиі тіркелетін аймақтар белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ішкі істер министрлігі елімізде ахуалды тұрақтандыру, қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті қалпына келтіру бойынша бірқатар шара қабылдан жатыр. Жеке құрам ерекше режим жағдайында қоғамдық тәртіпті сақтауды жалғастыруда. Барлық елді мекендерде патрульдеу жасақтары күшейтілген. Елдің барлық аймақтарында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық шарасы өтіп жатыр. Мақсаты – жедел ахуалды сауықтыру, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ төтенше жағдай салдарын жою», - деді ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитеті басқарма басшысының орынбасары Дәурен Қозыбақов онлайн өткен брифингте.

Министрліктің мәліметіне сәйкес, «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық шарасы барысында 13 мыңнан астам қылмыс тіркелген.

«Оның ішінде 1 мыңнан астам қылмыс қоғамдық орындарда және 260-ы көшеде болды. Қылмыс жиі жасалатын өңірлерге келсек ШҚО (1 454), Алматы (1 315), Алматы облысы (1 227), Қарағанды (1 118), Шымкент (1 108) және СҚО (1005). Сондай-ақ, 8 мыңнан астам қылмыс ізін суытпай ашылды. Мысалы, Жамбыл облысының Шу қаласында 1995 жылы туған азамат ұсталды, ол түнде «Мята» дәмханасында 3 азаматты өлтірмекші болған (1995, 1991 және 1983). Зардап шеккен азаматтар ауруханаға жатқызылды», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар