+7 (701) 759 90 19
USD 376.16 EUR 406.18
RUB 5.90 CNY 53.60
Jańalyqtar

Ішкі істер министрлігі Қазақстан жолдарындағы жағдай туралы айтты

2020 жылғы 29 қаңтар 19:09
Бөлісіңіз:
Ішкі істер министрлігі Қазақстан жолдарындағы жағдай туралы айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан автожолдарының 44 учаскесі боран салдарынан 418 рет жабылды. Бұл жайында ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жүк көліктері Түркістан облысы жолдарына залал келтіруде Өмірзақ Шөкеев жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмысты күшейтуді тапсырды Қазақстанның кейбір жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды

«20 қаңтардан бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстан өңірлерінің басым бөлігінде автомобиль жолдарының 44 учаскесі 418 рет жабылды. Барлық учаскеде блок-бекеттер қойылды. Сол жерге келген тұрғындарға ауа райының қолайсыздығына байланысты жол жабылғаны туралы ақпарат дер уақытында беріліп тұрды. Көпшілігі елді мекендерге қайтуға шешім қабылдаса, кейбірі жолда қалып, ауа райының жақсаруын, жол тазалануын күтуде. Жылыну бекеттеріне 1,5 мыңнан астам адам орналастырылған. Нұр-Сұлтан қаласында, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды және Павлодар облыстарындағы мұндай орындарда адамдар әлі бар. Жол бойында жеңіл, жүк көлігі, автобус сынды 2 930-дан астам көлік құралы болды. Бірқатар өңірде, оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында төтенше жағдай жарияланды. Елордада ол әлі де сақталуда», -деді Ю.Ильин.

Оның дерегінше, Ақмола облысының Ерейментау ауданында 100-ден астам көлік құралы қар құрсауында қалып қойды. Дегенмен, кеше бұл көліктер Ново-Марковка елді мекеніне жеткізілген. Ал бүгін Төтенше жағдайлар комитетінің жол техникаларының көмегімен елордаға жетті.

«Қазіргі уақытта Павлодар бағытында жүруі тиіс шамамен 110 үлкен жүк көлігі Нұр-Сұлтанда тұр. Бүгін түні бойы «ҚазАвтоЖол» жолды тазалағаннан кейін бұл көліктер Павлодар облысына аттанады», - деді ол.

Вице-министрдің айтуынша, Нұр-Сұлтаннан Бурабай бағытында да 400-ден астам көлік жолда қалып отыр. Нұр-Сұлтан-Атбасар жолындағы жағдай да күрделі.

Атбасар ауданында 400-ден астам көлік жиналып қалған. Жолды қардан тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бүгін жолдың бір жақ бағытында қозғалыс ашылып, көліктер елордаға қарай жылжитын болады. Жалпы жол 30 қаңтар күні толық ашылмақ.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT