Ішкі істер министрлігі қарағандылықтардан кешірім сұрады

None
None
АСТАНА.  ҚазАқпарат - Қарағанды тұрғындарының борышкерлер тізіміне енуіне Ішкі істер министрлігінің қатысы жоқ. Бұл туралы аталған ведомствоның ресми өкілі Алмас Садубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ішкі істер министрлігінің мәліметтер  базасында ешқандай да іркіліс болған жоқ. Қарағанды тұрғындарына қатысты теріс мәліметтермен байланысты проблеманы Қаржы министрлігі шешіп жатыр. Аталған проблема барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдардың эталоны саналатын Әділет министрлігі базасы мен салық органдарының ақпараттық жүйесінің өзара әрекеттеріндегі кемшіліктерден туындаған. Келтірілген қолайсыздықтар үшін азаматтардан кешірім сұраймыз», - деді Алмас Садубаев.

Айта кетейік, еліміздің бірқатар ақпарат құралы Ішкі істер министрлігінің мәліметтер базасындағы іркілістердің салдарынан мыңдаған қарағандылық борышкерлер тізіміне іліккенін хабарлаған болатын.

Соңғы жаңалықтар