+7 (701) 759 90 19
USD 377.09 EUR 407.37
RUB 5.93 CNY 53.95
Jańalyqtar

Ішкі істер министрлігі боран кезінде құтқарылған адамдар туралы хабарлады

2020 жылғы 27 қаңтар 12:35
Бөлісіңіз:
Ішкі істер министрлігі боран кезінде құтқарылған адамдар туралы хабарлады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин боран салдарынан жабылған жолдардың жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Өткен тәулікте Қазақстан жолдарында 750 адам құтқарылды Елордада төтенше жағдай жарияланды Қарағанды облысы ТЖД қызметкерлері таңға дейін 200-ге жуық адамды құтқарды

«Бүгін Ішкі істер министрлігі бөлімшелерінің, жергілікті атқару органдарының, «QazAvtoJol» ҰК» АҚ күшімен 140-тан астам көлікті Ақкөл қаласына дейін жеткіздік. Әкімдік тарапынан адамдарды орналастыру мен тамақтандыру шаралары ұйымдастырылды», - деді Ю. Ильин Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар ол басқа да бағдарлардағы жағдайды айтып берді.

«Өзге де бағыттарға тоқталсақ, елорда маңында адамдарды құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Өткен тәулікте 750-ден астам адам құтқарылып, 1,5 мыңнан астам көлік қар құрсауынан шығарылды. Дегенмен де қар басып қалған жерлерде 500-ге тарта көлік қалып отыр, әзірге оларды эвакуациялау қиын болып тұр. Яғни, жол тазартылғаннан кейін аталған көліктерді алып шығамыз. Қазір біз Қорғаныс министрлігінің бөлімшілерін жұмылдырудамыз. Осы орайда арнайы техникамен адамдарды қар құрсауынан шығару жұмыстары жалғасуда», - деді Ю. Ильин.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT